$ 510.84  579.7  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жігіттерге жезөкше ұсынған сауна қызметкерлері бірнеше жылға сотталып кетті

Оларға қатысты сот үкімі жарияланды

Шымкентте жігіттерге жезөкше ұсынған сауна қызметкерлері бірнеше жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Шымкентте жігіттерге жезөкше ұсынып, сыйақы алған сауна қызметкерлері бірнеше жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында үш адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, оларға ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) айып тағылған.

«С. және Х. 2024 жылдың тергеумен анықталмаған күні мен 2025 жыл аралығында Шымкент қаласының Сайрам көшесі мен Тәуке хан даңғылындағы сауналарда әкімші ретінде жұмыс істеп жүріп, жезөкше қыздардың мәліметтерін өзара алмасып, жезөкшелік қызмет көрсететін қыздардың қызметін келген адамдарға ұсынып, Х. 2024 жылғы 12 мамырда  сыйақы ретінде 5 000  теңге, 2025 жылғы 1 ақпанда 5 000  теңге алған.

Ол дәл осы тәсілмен 2024 жылғы 12 мамырда жезөкше қыздарды тазалық сақтаушы Ж. арқылы сауна келушісіне ұсынып, екеуі сыйақы ретінде 5 000 теңгесін алған.  

Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушылар өздеріне жеңіл жаза сұрады», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Жаза тағайындау барысында сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жасаған әрекеттеріне шын өкінуі, әрі біреуінің асырауында екі жасөспірім балалары болуы танылды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

«Сот, С., Х. және Ж.-ны ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандары бойынша кінәлі деп танып, С. және Х.-ға 3 жыл 6 айға, Ж.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді», - дейді қалалық сот.

Серіктес жаңалықтары