$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2020, 22:09
Жаңалықтар

Атырауда базарлардың ашылуын талап еткен кәсіпкерлер әкімдік алдына жиналды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев Құлсары қаласына кеткен

Атырауда базарлардың ашылуын талап еткен кәсіпкерлер әкімдік алдына жиналды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында шағын және орта кәсіпкерліктегі бір топ адам жергілікті әкімдік алдына жиналып, өз талаптарын айтты. Олар карантинді жеңілдетіп, базар мен сауда орындарының ашылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жылыой ауданының бас санитар дәрігері Талғат Хабибуллиннің қаулысына сәйкес, аймақта 18 маусымға дейін карантин орнаған. Аталған қаулыға сай, коронавирус дертінің таралып кетпеуі үшін азық-түлік  сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген болатын. 

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі азық-түлік сатпайтын орындардың ашылмауын вирустың көп таралуымен түсіндіріп отыр. «Соңғы мәліметтер бойынша, Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кең орнында 1013 адамнан коронавирус табылды.  Ал, ауданның елді мекендерінде вирус жұққан 43 бар. Оның 33-і Құлсары қаласының тұрғыны. Ең басты айтатын мәселе, науқастардың екеуі кеше коронавирустан көз жұмды», - деп хабарланған әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал, әкімдік алдына жиналған кәсіпкерлерге құқық қорғау органдарының өкілдері жағдайды түсіндіруге тырысқан. Кәсіпкерлердің алдына шыққан адамдардың арасында  Жылыой  ауданының әкімі мен ауданның Бас санитар  дәрігері де бар.  

 

Серіктес жаңалықтары