28.04.2025, 17:06
Жаңалықтар
«Баянның даналығы»: Айсәуле Бақытбек көп жылдан кейін әкесінің суретін жариялады
Айсәуле Бақытбек отбасының өзге де суреттерін жариялаған
Фото: www.instagram.com/aissaulebakytbek/
Танымал блогер Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевпен араласып тұратынын көрсетті. Ол өзінің кішкентай қызы мен әкесінің кездескен сәтінен үзінді жариялап, оған «Өмір» деген қысқа ғана жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желі қолданушылары Айсәуле Бақытбектің жаңа жазбасына әртүрлі пікір жазған. Көпшілік Айсәуленің әкесімен байланыс үзбей, жиенін көрсеткеніне қуанған.
«Айсәуленің әкесімен қарым-қатынасын үзбегеніне қуаныштымыз», Бұл — Баян Мақсатқызының даналығы, атасы мен немересін көргенде жүрегіміз елжіреп кетті, Айсәуле өте мейірімді әрі жақсы тәрбие алған қыз, қызы, әкесі және немересі – қандай тамаша көрініс», – деп жазды қолданушылар.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды