СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жалғасып жатыр
СҚО-да су тасқынымен күрес жұмысы күндіз-түні жүріп жатыр. Құтқарушылар Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында бірнеше шақырым қорғаныс білігін орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жалғасып жатыр.
СҚО Қызылжар ауданы Ольшанка ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда:
«Жұмыстарға ҚР ТЖМ, СҚО ТЖД, Ақмола және Қостанай облыстарының 105 адамы мен 19 техникасы, СҚО ЖАО мен ҚАЖД жұмылдырылды.
Іс-шаралар халықты су тасқынынан қорғау үшін тәулік бойы жүргізіледі», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.