$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мегаполистерде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Ауа райы көбіне жаңбырлы болады

Мегаполистерде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» мамандары 27–29 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Астана

27 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°, күндіз +20…+22°.

28 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +11…+13°, күндіз +23…+25°.

29 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, күннің екінші жартысында қар аралас жаңбырға ауысады. Жел батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді. Температура түнде және күндіз +9…+11°, кейін төмендейді.

Алматы

27 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°, күндіз +25…+27°.

28 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Температура түнде +13…+15°, күндіз +29…+31°.

29 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +15…+17°, күндіз +30…+32°.

Шымкент

27 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +18…+20°, күндіз +33…+35°.

28 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +20…+22°, күндіз +34…+36°.

29 сәуір: Ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20, кей жерлерде 23 м/с дейін. Температура түнде +20…+22°, күндіз +26…+28°.

Серіктес жаңалықтары