$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да су тасқынымен күрес күні-түні жүріп жатыр

Құтқарушылар бөгетті нығайту үшін тәулік бойы жұмыс істеуде

СҚО-да су тасқынымен күрес күні-түні жүріп жатыр
Фото: Видеодан скрин

СҚО-да су тасқынымен күрес бір сәтке де тоқтамай, күні-түні жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Қызылжар ауданы Тепличное ауылында құтқару бөлімшелерінің құрамында әрекет ететін сүңгуір қызметінің қызметкерлері арнайы пленканы пайдалана отырып, бөгетті нығайту бойынша маңызды жұмыс жүргізіп жатыр.

«Бұл шаралар желдің күшеюі мен толқындардың әсерінен қорғаныс құрылыстарының қирау қаупіне байланысты қабылданады. Сүңгуірлер жергілікті тұрғындар мен олардың мүлкін қорғауды қамтамасыз ете отырып, өз міндеттерін кәсіби және үйлесімді орындауда.

Қауіпсіздік бірінші орында. Жұмыс жүріп жатыр, құтқарушылар апаттың ықтимал салдарын болдырмау үшін бөгеттерді күшейтуді жалғастыруда», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда көктемгі су тасқынының қаупі әлі де сейілмей тұрғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары