$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі оқушы өлімі: екі кәсіпкер қамауға алынды

Бірінші сынып оқушысы суға толған құрылыс шұңқырына батып кеткен еді

Шымкенттегі оқушы өлімі: екі кәсіпкер қамауға алынды
Фото: © istockphoto.com

Шымкентте жеті жасар баланың өліміне байланысты екі мердігер ұйымның басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуірде Қаратау ауданында тіркелген. Бірінші сынып оқушысы суға толған құрылыс шұңқырына батып кеткен. Кейін белгілі болғандай, шұңқыр тұрғын үйлердің жанында қазылғанымен, оның маңында ешқандай қоршау да, ескерту белгілері де орнатылмаған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, бұл учаскеге екі мердігер компания – «Ақ жол» ЖШС мен «Azia RC» ЖШС жауапты болған. Құқық қорғау органдары қос компанияның басшыларын қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамағаны үшін күдікті деп таныды.

«Құрылыс алаңында қоршау мен ескерту белгілері мүлдем болмаған. Компания басшылары ұсталып, қамауға алынды», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға 12 сәуірде болды.

Серіктес жаңалықтары