$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 7 жасар бала қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды (ВИДЕО)

Көпқабатты үйлерге арналған септик шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған

Шымкентте 7 жасар бала қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға 12 сәуірде болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, жеті жасар бала сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен, өкінішке қарай, бірнеше сағаттан кейін, шамамен 22:00-де оның денесі екі метрдей тереңдікте су толған шұңқырдан табылды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерге арналған септик шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған. Бірақ жұмыс орта жолдан тоқтап, шұңқыр сол қалпы ашық қалған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып қалған.

Тұрғындар қауіпті аумақты қоршау туралы өтінішпен жауапты органдарға бірнеше рет хабарласқанымен, ешқандай шара қолданылмаған. Жақын жерде мектеп пен балабақша бар. Ал бұл орын әлі күнге дейін ата-аналарды алаңдатып келеді.

Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары