Маңғыстауда 16 баладан А гепатиті анықталды
Ауруға шалдыққан балалардың 50%-ы вакцина алмаған

Маңғыстау облысында 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 20 жағдай А гепатитімен тіркелді. Оның ішінде 16 жағдай балалар арасында анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kzсайтына сілтеме жасап.
Аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасованың айтуынша, аурушаңдық көрсеткіші былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда төмендеген. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында өңірде 29 жағдай тіркелген болатын.
Балалар арасында ауру тіркелген аудандар: Қарақия ауданында – 10 бала, Жаңаөзенде – 3 бала, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында – әрқайсысында бір-бір жағдайдан. Бейнеу ауданында науқастар тіркелмеген.
Маманның айтуынша, А гепатитіне ең көп шалдыққандар — 14 жасқа дейінгі балалар. Ауруға шалдыққан балалардың 50%-ы вакцина алмаған болып шықты.
«А гепатитінен ең сенімді қорғаныс — профилактикалық вакцинация. Бұл екпе екі жасқа толған балаларға және бұрын вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балаларға егіледі. “Хеолайф” (Пекин) вакцинасы екі дозадан тұрады, олардың арасында алты ай үзіліс жасалады. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мың балаға вакцина егілуі жоспарланған», – деді Гүлшат Шорбасова.