$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Air Astana ұшағынан жарықшақ табылды: әуе компаниясы мәлімдеме жасады

Компания ұшақ корпусынан жарықшақ табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Air Astana ұшағынан жарықшақ табылды: әуе компаниясы мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақтан жарықшақ табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметі ақаудың табылғанын растады, бірақ оның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмегенін баса айтты.

«Конструкцияның қауіпті емес жерінде, атап айтқанда, жүк бөлігі қаптамасының жеңіл панелі бекітілген орыннан ұзындығы 25 мм сызат табылған. Бұл ұсақ ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және ұшақты пайдалану барысында пайда болуы мүмкін», - деп атап өтті әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Компания Air Astana техникалық байқаудың белгіленген бағдарламасын қатаң сақтайтынын және барлық қажетті жөндеу жұмысын ұшақ өндірушісінің нұсқаулығына сәйкес орындайтынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ақау жойылып, ұшақ қолданысқа қайтарылды. Біз заңды жауапкершілікке тартылмас үшін жалған ақпарат жарияламауға кеңес береміз», - деп мәлімдеді компания.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Air Astana #ұшақ