25.04.2025, 22:00
Жаңалықтар
Төреғали Төреәлінің денсаулығына қатысты ақпарат тарады
Түркияда емделіп жатқан Төреғали Төреәлінің беті бері қарай бастаған
Фото: instagram.com/toregalitoreali
Әнші Төреғали Төреәлі Түркияда емделіп жатыр. Денсаулығына байланысты жоспарланған концерттерін кейінге шегерген эстрада жұлдызының бүгінде беті бері қарай бастаған. Ол көп ұзамай елге оралмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Әншінің жағдайы туралы соңғы ақпаратты досы әлеуметтік желіге салды. Әділет Байнашов есімді азамат жұлдызбен видео арқылы байланысып, біраз сыр шерткенін жазыпты. Әйтсе де Төреғали Төрәлінің сырқаты жайында жақындары тіс жармай отыр.
Естеріңізде болса, әнші наурыз айында еліміздің төрт қаласында концерт беруге тиіс еді. Кейінірек әкесі «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деп, халықтан дұғада болуды сұраған еді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді