Air Astana ұшағынан жарықшақ табылды: әуе комания түсініктеме берді
Компания қазір бұл мәселе шешімін тапқанын мәлімдеді

Жуырда БАҚ-та Air Astana әуекомпаниясына тиесілі ұшақта жарықшақ табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Компания оны растап, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарықшақ шынымен табылды, бірақ ешнәрсеге әсер етпейді және оның мөлшері 25 миллиметр екені айтылды.
«Құрылымның маңызды емес жерінде ұзындығы 25 миллиметр болатын шамалы жарықшақ табылды, атап айтқанда жүк бөлігінің жеңіл панелі бекітілген тұста. Бұл ұсақ зақым ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді, ол пайдалану процесінде пайда болған болуы мүмкін», - деп хабарлады авиакомпания.
Бүгінгі күні зақым жойылып, ұшақ пайдалануға қайтарылды.
Сонымен қатар, Air Astana жауапкершілікпен қорқытып, жалған ақпарат таратудан бас тарту ұсынылды.