$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда дәмханаға келген адам бейәдеп сөз айтқаны үшін қамауға алынды

45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттаған

Алматыда дәмханаға келген адам бейәдеп сөз айтқаны үшін қамауға алынды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда дәмханаға келген адам бейәдеп сөз айтқаны үшін ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, жақында қаладағы дәмханалардың бірінде оқыс жағдай болды. 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттауына жол берген.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», - деді Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Серіктес жаңалықтары