$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысының тұрғыны 12 жасар қыз балаға видео арқылы азғындық әрекет жасаған

Ол осы ісі үшін 7 жылға сотталып кетті

Түркістан облысының тұрғыны 12 жасар қыз балаға видео арқылы азғындық әрекет жасаған
Фото: freepik.com

Астанада жүрген ер адам Telegram арқылы Алматы мектептерінің бірінің алтыншы сынып оқушысымен танысып, ұятсыз қылықтары үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы видеобайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз әрекеттер жасаған.

«Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары