Шымкентте есірткі зертханасын ашып, оны Telegram арқылы сатқан күдікті ұсталды

Автор: Асыл Арман

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: istockphoto.com

Шымкентте есірткі зертханасын ашып, оны Telegram әлеуметтік желісі арқылы сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.

«Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген прокуратура хабарламасында.