22.04.2025, 22:34
Жаңалықтар
«Мен дайынмын»: Димаш тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді
Ол қазір жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатқанын атап өтті
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген Алматыда өтетін «D and Dears» кездесуі туралы тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын!», - деп жазды өнерпаз Instagram парақшасында.
Ол дәл осы кеш үшін ұжымыммен жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатқанын атап өтті.
«Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», - деді әнші.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды