$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2020, 03:20
Жаңалықтар

Ақтаулық әйел пойызда Дінмұхаммед атты ұл туды

Ол Ақтөбедегі анасының үйінен Ақтаудағы өз үйіне келе жатқан

Ақтаулық әйел пойызда Дінмұхаммед атты ұл туды
Сурет Лада.кз сайтынан алынды

Ақтөбеге қонақтап, Ақтаудағы үйіне бара жатқан әйел жүктілігінің сегінші айында пойызда босанды, деп хабарлайды аймақтық Лада.кз сайты. Оны пойыздың басшысы Ботагөз Қиданова мен жолаушылап бара жатқан акушер дәрігер аман-есен босандырып алған.

«4 маусым күні таңғы сағат 5 шамасында жолсерік жүгіріп келіп, жетінші вагондағы келіншек толғатып жатыр деді. Әріптестерімді ертіп алып, пойыз ішінен дәрігер іздедік. Бесінші вагонда отырған Светлана Нұрпейісова деген акушер дәрігер табылды. Ол да Ақтөбеден келе жатқан. Толғатып жатқан әйелді қызметтік купеге апарып, босандырдық. Сағат 11.10-да ол ұл бала босанды. Жолда кездескен станциялардың барлығында оны дәрігерлер тексеріп отырды. Әйел үйіне жетпей, жолдағы станциялардың бірінен түскісі келген жоқ», - дейді пойыз құрамының басшысы Ботагөз Қиданова.

Ең қызығы, Ботагөз Қиданова қызмет жылдары бұған дейін пойызда үш қыз баланы аман-есен босандырған екен.

«Балаға Дінмұхаммед деген ат қойды. Баланың да, анасының да денсаулығы жақсы. Әйелдің жолдасы Ақтау қаласында күтіп тұр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары