$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Блогер Daricorn тағы да заң бұзды: полиция оған екі айыппұл салған

Ол 2 бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылды

Блогер Daricorn тағы да заң бұзды: полиция оған екі айыппұл салған
Фото: https://www.instagram.com/daricorn.rr/

Танымал блогер Дариға Нұркеева Астанада, көшеде өтіп бара жатқан кішкентай баланы рұқсатсыз видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде мазақ еткені үшін істі болған еді. Бұл жолы ол Алматының көшелерінде жол ережесін бұзған әрі оны тағы да әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогердің әрекетін Алматы полицейлері мониторинг арқылы анықтап, оған айыппұл салды. 

«Интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың жол ережесін бұзғаны, атап айтқанда, сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырғаны анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру әрі бұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады дейді полиция. 

«Танымал болсаң да, оқырмандарың көп болса да ол жауапкершіліктен босатпайды. Заң - бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады. Алматы полициясы ескертеді: қауіпсіздік - ойын немесе әлеуметтік контент емес. Бұл әркімнің жауапкершілігі», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары