$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда оқушы қыздар бірі-бірі талдырып, ойнап жүр: Білім басқармасы түсініктеме берді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған видео 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы мектепте болған

Ақтауда оқушы қыздар бірі-бірі талдырып, ойнап жүр: Білім басқармасы түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар бірін-бірі талдырып, ойнап жүргені анықталды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық Білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы мектепте болған.

Қыздар мектеп әжетханасында 7-сынып оқушысын өкпе тұсынан қысып, есінен тандырған.

«Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады.

Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды», - делінген Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары