$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таңғы сағат 6:45»: белгілі бизнесменді шымкенттік отбасы таңғалдырды

Айдын Рахымбаев серуендеп жүріп өте еңбекқор адамдарды жолықтырғанын атап өтті

«Таңғы сағат 6:45»: белгілі бизнесменді шымкенттік отбасы таңғалдырды
Фото: Айдын Рахымбаевтың инстаграмдағы парақшасынан

Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевты таң атпай самса пісіріп жатқан отбасының еңбекқорлығы сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Шымкент, таңғы 6.45. Серуендеуге шықтым, Rixos-тан екі квартал жерде, көше қиылысында бір отбасы қызып тұрған тандыр пешке самса салып үлгеріпті! Мен мұндай адамдарды, өз ісінің майталмандарын әрқашан құрметтейтінмін. Қала енді ғана оянып, жұмысқа кетіп жатыр, ал бұл жерде ыстық самса дайын тұр. Мен олардың игі істеріне сәттілік пен береке тіледім», - деп жазды Айдын Рахымбаев инстаграмдағы парақшасында.

 Ол Шымқала әрқашан осындай дәстүрімен қуантатынын жасырмады.

«Ерте тұрған еркектің - ырысы артық, ерте тұрған әйелдің - бір ісі артық. Еңбек адамдарына сәттілік тілеймін, Жұмыстарыңызға береке берсін!», - деп түйіндеді кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары