Астана-Ақтау рейсінде жолаушының бортсерікке күш қолданған сәті видеоға түсіп қалды
Оқиға SCAT әуе компаниясының ұшағында болған

Желіде Астана-Ақтау рейсінде жолаушының бортсерікке күш қолданғаны туралы видео тарады. Оқиға SCAT әуе компаниясының ұшағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге қонған соң ер адамдардың бірі телефонын салонда ұмытып кеткенін есіне түсіріп, бортқа қайта оралмақ болған. Алайда бортсерік оған қауіпсіздік ережесін ескеріп, сыртқа шыққаннан кейін ұшаққа қайта кіруге қатаң тыйым салынғанын түсіндірген. Алайда бұл ер адамды тоқтатпады, ол салонға баса-көктеп кіріп, адамдарды шетке итеріп, содан кейін бортсеріктің бетінен ұрған. Осыдан кейін ол телефонын алып, ұшақтан түскен.
Әуе компаниясы мен құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.