$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ләйлә Сұлтанқызы ЭКО-мен туған балалар туралы не ойлайтынын айтты

Журналист ЭКО арқылы дүниеге келген қызды ортаға шығарып, көпшілікке таныстырды

Ләйлә Сұлтанқызы ЭКО-мен туған балалар туралы не ойлайтынын айтты
Фото: polisia.kz

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы ЭКО-мен туған балалардың басқа балалардан еш айырмашылығы болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір ЭКО саласында жүрмін. «Аңсаған сәби» бағдарламасына кірмейтін отбасыларға біздің қорымыз көмектеседі. Ол туралы көп айтып жүрмін ғой. Дейтұрғанмен біз балаларды көз алдымызға көп елестетеміз. Менен «ЭКО-мен туған балалар ерекше бола ма, басқаша бола ма» деп сұрайды. Мен 100 пайыз қалыпты жағдайдағы бала болады деп айтамын», - дейді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода.

Журналист бұған дәлел ретінде ЭКО арқылы дүниеге келген қызды ортаға шығарып, көпшілікке таныстырды.

Жасым 23-те. Менің ата-анам отбасын құрғанына 31 жыл өтті. Анам көп жыл бала көтере алмады. Сондықтан олар осы тақырыпты зерттей отырып, 2001 жылы газеттен мақаланы оқып, мамандарға жүгінді. Соның арқасында 2002 жылы мен дүниеге келдім», - дейді Диана есімді қыз.

Серіктес жаңалықтары