$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Флорида университетіндегі атыс: «Болашақпен» оқып жүрген қазақстандық студенттердің жағдайы белгілі болды

Аталған оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды

Флорида университетіндегі атыс: «Болашақпен» оқып жүрген қазақстандық студенттердің жағдайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚШ-тың Флорида штатындағы университет кампусында болған оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылғы 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болып, қайғылы жағдай болды. Соңғы мәліметтер бойынша, аталған оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ орын алған жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр және осы университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен тұрақты байланыс орнатқан.

«Қазіргі таңда Флорида штаты университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 4 стипендиат білім алуда: оның 3-еуі магистратура, 1-і докторантура бағдарламасы бойынша. Барлық стипендиат аман-есен, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындап отыр. Біз студенттерімізге дер кезінде ақпарат беріп, қауіпсіздік шараларын сақтағандары үшін алғыс білдіреміз.

Оқиғаға байланысты университет басшылығы барлық оқу үдерісін және іс-шараларды уақытша тоқтатты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ АҚШ аумағында жүрген барлық стипендиаттарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, сергек болуды және күмән тудыратын жағдайлар орын алса, дереу орталықпен байланысқа шығуды сұрайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жақындарына көңіл айта отырып, жағдайдың тез арада тұрақтануына үміт білдіреді», - делінген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары