$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ақтаудағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын нысанды аралап шықты

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады

Тоқаев Ақтаудағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын нысанды аралап шықты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.

Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары