Құлсарыда адам шошырлық жол апатының видеосы тарады
Олардың арасында жасөспірімдер де бар
Атырау облысының Құлсары қаласында адам шошырлық жол апатынан бес адам зардап шекті, олардың арасында жасөспірімдер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, 17 сәуір күні сағат 02:10 шамасында Құлсары қаласында 2005 жылы туған жүргізуші Hyundai Elantra маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Toyota Camry және ВАЗ-2115 автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі мен салонда отырған 2005 және 2006 жылы туған жолаушылары, сондай-ақ 2007 жылы туған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен 1983 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі – абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.