18.04.2025, 11:47
Жаңалықтар
Алматы-Қарағанды тасжолында жол апатынан екі адам қаза болды
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болды
Фото: Видеодан скрин
Алматы-Қарағанды тасжолында 18 сәуір күні таңертең жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында Қарағандыдан 25 шақырым жерде болды. Toyota Alphard жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың шетіне соғылған.
Нәтижесінде оқиға орнында екі жолаушы қаза тапты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерден жолда жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады
13.08.2026, 10:39
Қажылыққа алып барамын: Астанада жұртты алдап 60 млн теңге жинап алғандар сотталып тынды