Жазушы Кемел Тоқаевтың архив фотолары жарияланды
Жазушының Маңғыстау өңірінде түскен фотолары жарияланды

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазушы Кемел Тоқаевтың архив фотоларын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кемел Тоқаев – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі.
«Майдангер-жазушы Кемел Тоқаев Маңғыстауда, 1984 жыл», - деп жазды Руслан Желдібай.
Ол 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.
Кемел Тоқаев – жазушы, драматург, Қазақстанда детектив жанрының негізін қалаушы ретінде танылды.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.