Шымкентте археологтар қазба жұмысы кезінде тарихи жәдігерлер тапты
Құнды жәдігерлер б.з. І-ІV ғасырларға жатқызылып отыр

Шымкентте археологтар қазба жұмысын жүргізу кезінде тарихи жәдігерлер тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры А.Оңғарұлы бастаған археолог мамандар тобы Шымкент қаласында жүр. Алматыдан келген археологтарды «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ның директоры Ж.Құрбан бастап, қала аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба нысандарымен таныстырды.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 археологиялық ескерткіште қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар бұл ескерткіштерді алдын ала мерзімдеп, б.з. І-ІV ғасырларға жатқызып отыр.
Қазірдің өзінде бұл нысандардан заттай құнды жәдігерлер табылған. Алдағы уақытта бұл заттарды музей экспозициясынан көріп қаламыз деп күтіліп отыр.