16.04.2025, 07:51
Жаңалықтар
Алматы метросында жолақыны енді QR код арқылы төлеуге болады
Төлемнің жаңа әдісі жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескереді
Фото: Әсет Құндақбаев
Алматы метросында 16 сәуірден бастап пилоттық режимде жаңа төлем әдісі енгізіледі. Енді жолақыны QR коды арқылы және интернетке қосылмай-ақ төлеуге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төлемнің жаңа әдісі жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескереді және метрополитенді пайдалану ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.
Жаңа әдіс бойынша жол жүру ақысын былай төлеуге болады:
- Телефоныңыздан ONAY қосымшасын ашыңыз!;
- негізгі беттің төменгі жағындағы QR коды бар батырманы басыңыз;
- «QR кодын» таңдаңыз, ол байланыс болмаса да орындалады;
- оны турникеттегі сканерге әкеліңіз;
- жүйе балансты тексеріп, турникет ашылады.
Метрода жолақыны бірнеше жолмен төлей аласыз: жетон, банк картасы, қайта зарядталатын метро смарт картасы немесе көлік картасы ONAY арқылы!.
Осы жылдың ақпан айында жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және жолаушылар ағынының артуына байланысты Алматыдағы метро желісіне қосымша екі электр пойызы енгізілді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
