14.04.2025, 17:18
Жаңалықтар
Астанада құтқарушылар бойжеткенді ажалдан құтқарып қалды
Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Астанада құтқарушылар 2000 жылы туған бойжеткенді ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға елорданың Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды.
«Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша 2000 жылы туған қыз бала 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өз өзіне қол жұмсау мақсатында терезе жақтауында тұрғаны анықталды.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бойжеткенмен әңгімелесіп, назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және «Өмір текшесін» орналастырды. Олар сондай-ақ, пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті