14.04.2025, 16:33
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар күннен күнге қымбаттап барады
ҚР Ұлттық Банкі доллардың 14 сәуірдегі ресми бағамын 514,94 теңге етіп белгіледі
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,21 теңгені құрап, 2,93 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық Банкі доллардың 14 сәуірдегі ресми бағамын 514,94 теңге етіп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 517,55 теңгеге, сату 519,69 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 515,19 теңгеден сатып алынады, 522,19 теңгеден сатылады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
