Әсел Асқар шетінеп кеткен баласына арнап салған татуировкаларын көрсетті (ВИДЕО)
Ол бұл татуировкалар оның жан жарасы мен мәңгілік сағынышын білдіретінін айтты

Белгілі актриса әрі әнші Әсел Асқар өмірден өткен баласының жарық бейнесін мәңгі жадында сақтау үшін денесіне ерекше татуировкалар салдырғанын айтты. Бұл оның ішкі жан күйзелісін, сағынышын және шексіз махаббатын білдіретінін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әселдің айтуынша, оның иығына салынған шексіздік пен жүрек — дүниеден өткен, періште болып қалған баласына арналған.
«Ұшып кетті деген сөз», — деді ол көзіне жас алып.
Ол аяғында орналасқан екінші татуировкасы туралы да айтты.
«Бұл қайда жүрсем де қасымда, әр қадамым саған арналады дегенді білдіреді», — деді Әсел.
Желіде жарияланған бейнежазбада Әсел Асқар баласын еске алғанда еріксіз көзіне жас келетінін мойындап, бұл татуировкалар оның жан жарасы мен мәңгілік сағынышын білдіретінін ашық айтты.