$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Балам құлап кетті, өтінемін, шұғыл!»: жедел қоңыраулардың аудиосы жарияланды

Жыл басынан бері ғана Астанада 11 бала биіктен құлап кеткен

«Балам құлап кетті, өтінемін, шұғыл!»: жедел қоңыраулардың аудиосы жарияланды
Фото: pixabay

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың биіктен құлауына байланысты «103» пультіне келіп түскен қоңыраулардың аудиожазбасын жариялады. Әр аудиодан жүрек ауыртар оқиғалар мен жылдам жету туралы өтініштер естіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, әңгімелердің бірінде ер адам жедел жәрдем бригадасынан 2 жасар баласы жатақхананың жоғары қабатынан құлағанын айтып, шұғыл жетуді сұрайды.

Диспетчермен тағы бір әңгімеден 2 жасар баланың тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлағаны белгілі болды.

Тағы бір қоңырау шалушы диспетчерге 1,5-2 жастағы баласының құлап, ес-түссіз жатқанын айтты.

Бұл аудио нақты қайғылы жағдайларды көрсету және балаларды ашық терезенің, балконның алдында жалғыз қалдырмауға шақыру мақсатында жарияланды. Күн жылынған уақытта мұндай қайғылы жағдайлар жиілейді.

Жыл басынан бері ғана Астанада 11 бала биіктен құлап кеткен, зардап шеккендердің екеуі жедел жәрдем жеткенге дейін, тағы екеуі стационарда қайтыс болды.

Сондай-ақ қалалық Денсаулық сақтау басқармасы балалар ауруханасының реанимациясынан кадрлар жариялады, онда балалар биіктен құлағаннан кейін ауыр жағдайда жатқанын байқауға болады.

Серіктес жаңалықтары