$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Келіні байқап қалған: Семейде полиция алаяқтар рәсімдеген 10 млн теңгені бұғаттап үлгерді

Алаяқпен болған бұл әңгіме бейнекамераға жазылды

Келіні байқап қалған: Семейде полиция алаяқтар рәсімдеген 10 млн теңгені бұғаттап үлгерді
Фото: pixabay

Семейде алаяқтар зейнеткерді алдап, оның атына 10 млн теңге рәсімдеген, алайда полиция қаржыны бұғаттап үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға хабар берген. Бейтаныс адам өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдамақ болған.

Жағдайға жедел әрекет еткен ПД қызметкері Айдана Қозыбаева зейнеткермен байланысып, сабырмен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ол нағыз полицейлер ешқашан телефон арқылы ақша сұрамайтынын және банк шотына қатысты деректерді талап етпейтінін айтқан.

Алаяқпен болған бұл әңгіме бейнекамераға жазылды. Отбасының келісімімен видео #ЖүздерінЖаттапАл хэштегімен жарияланып, алдын алу мақсатында пайдаланылады.

Зейнеткердің келіні мен полицейдің қырағылығының арқасында тұрғынның атына рәсімделген 10 миллион теңге дер кезінде бұғатталып, алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмады.

Серіктес жаңалықтары