«Сол фотоны көрсем жыным келеді»: танымал журналист біреудің киімін киюге мәжбүр болғанын айтты
Біз өсе келе әкемнің малы таусылды, біз киімнен таршылық көре бастадық, дейді ол

Журналист Әйгерім Сейфолла әлеуметтік желіде бала күнінде фотоға түсу үшін біреудің киімін киюге мәжбүр болғанын еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен ашуымды киім алу арқылы басамын. Шопинг жасаймын. Мүмкін ол бала кезде таршылық көргеннен болар. Әрбір сабақ басталатын кезде ата-анам бір сиырды сойып, тізім жасап алып, қалаға кететін. Ешкімнен кем болмадық, сол кісілердің талғамына сай әдемі киіндік. Бірақ өсе келе әкемнің малы таусылды, біз киімнен таршылық көре бастадық», - деп атап өтті ол.
Журналист сол қиын кездерде түскен фотосын көргенде әлі күнге дейін жыны келетінін жасырмады.
«Жеке куәлікке фотоға түсу үшін осы Астанаға келдім. Сол кезде дұрыс кім болмай, анам бір туысқанының қызының шалбарын сұрап, бір нағашымның әйелінің үстіне киетін костюмін, күртесін сұрап, қалаға солай келдім. Бәлкім осыдан кейін шығар, мен қазір үйімді қалаған киімдеріммен толтырып жатырмын. Тіпті этикеткасы алынбаған киімдер бар екен», - дейді ол.