Аншлаг: Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері бірнеше сағатта бітіп қалды

Автор: Асыл Арман

Билет сатылатын Тикетон сайтында қазір аншлаг болып жатқаны хабарланды

Фото: Instagram/jlo

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері бірнеше сағатта бітіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Билет сатылатын Тикетон сайтында қазір аншлаг болып жатқаны хабарланды.

«Ұйымдастырушылар бөлген квотаға – аншлаг! Билеттерді 30 маусымға дейін тапсыруға болады. Ал 1 шілдеден бастап билеттер қайтарылмайды», - деп жазды Тикетон сайты.

Айта кетейік, 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бүгін сағат 11:00-де сатылымға шыққан. Алайда Тикетон сайты билет сатып алушылардың көптігінен істемей, жұрт онлайн кезек-кезегімен алуға мәжбүр болды.