11.04.2025, 11:55
Жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері күдіктілерден 38 кило есірткі тәркіленді
Оның ішінде 37 килограмы – марихуана
Фото: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жыл басынан бері күдіктілерден 38 кило есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысы осы жылдың алғашқы үш айында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді.
Оның ішінде 50 есірткіге қатысты қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, 2-уі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі. Сондай-ақ, 10 фотолаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді.
Заңсыз айналымнан 38 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 37 килограмы марихуана, 1 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты