Видео желіде жарияланып, жұрт түрлі пікір білдірді
Әнші Димаш Құдайбергеннің желіде сәби күнгі видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода Димаштың әжесі мен анасының ортасында жүргенін, бата жасап, бетін сипағанын көруге болады. Желі қолданушылары Қазақстанның атын шығарып жүрген әлемдік жұлдыз әншінің сәби күніне қатысты жылы лебіздерін білдірді.
«Әжесінің махаббаты қатты көрініп, сезіліп тұр», «Ата-анасы махаббатты, тәрбиені, қолдауды аямай берген екен. Соның жемісі ғой қазір», «Димашты туған Анасына мың алғысым шексіз аман болсын», «Бала кезінде қандай тәтті болған, сүйкімді өзі. Әжесі, әкесі, анасы, қарындасы жалпы отбасы керемет, үлгі болар отбасы», «Әлемдік жұлдыз боларын білді ме екен!?» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Маңғыстау облысында өткен ән кешінде белгісіз бойжеткеннің дауысына ғашық болғаны хабарланған болатын.