«Тағы да қаттырақ»: Димаш Құдайберген белгісіз бойжеткеннің дауысына ғашық болды (ВИДЕО)
Әншінің концерті Маңғыстау облысында өтті

Әнші Димаш Құдайберген Маңғыстау облысында өткізген концертінде белгісіз бойжеткеннің дауысына ғашық болып, әнін бірнеше қайтара айтқызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны әншімен бірге ән салған Айсәуле есімді бойжеткен Instagram желісіндегі парақшасында жариялап «Димашпен ән айттым» деп жазба қалдырады.
«Қасына жақындауға ешқандай мүмкін болған жоқ. Сол үшін осы жерден де әндете берейінші деп шештім», - деп жазды Айсәуле.
Маңғыстау өңірінде өткен концертте бойжеткеннің дауысын көптің арасынан іздеген Димаш «Ұмытылмас күн» әнінің соңғы қатарларын бірнеше рет қайталатып, «Тағы да қаттырақ» деп өтінеді.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтауға арнайы келген Димашқа ерекше сыйлық жасалғаны хабарланған болатын.