09.04.2025, 14:29
Жаңалықтар
Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
93 депутаттың 76-сы жобаға дауыс берді. 7-еуі – қарсы, 9-ы – қалыс қалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Парламент Мәжілісі Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дауыс беру көрсеткіші мынандай: 93 депутаттың 76-сы жобаға дауыс берді. 7-еуі – қарсы, 9-ы – қалыс қалды.
Кодекс жобасы аясында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің санын қысқарту көзделеді.
Корпоративтік табыс салығының ставкалары:
- банк секторы үшін – 25%;
- ойын бизнесі үшін – 25%;
- әлеуметтік сала – 10%;
- қайта өңдеу саласы – 10%;
- ауыл шаруашылығы – 3%.
Базалық мөлшерлеме 20% деңгейінде қалады.
Қолданыстағы арнайы салық режимдері үшке дейін қысқарады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды