09.04.2025, 06:36
Жаңалықтар
Атырау облысында екі жолаушы жоғалып кеткен
ТЖМ құтқарушылары оларды Мақат ауылынан 45 шақырым жерде ашық аумақта тапты
Фото: Видеодан скрин
Атырау облысында көлікпен жолға шыққан екі ер адаммен байланыс үзілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мақат ауылынан 45 шақырым жерде екі ер адам Сарымайшағыл ауылынан Қарабау ауылына қарай автокөлікпен шығып, байланысқа шықпаған», - деп жазылған хабарламада.
Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ құтқарушылары дереу іздеуге шығып, оларды Мақат ауылынан 45 шақырым жерде ашық аумақта тауып, Мақат ауылына жеткізді.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
