09.04.2025, 06:02
Жаңалықтар
Астана мектептерінің бірінде түсірілген сурет желіде тарап кетті
Фотодан дәлізде парталар тұрғанын, ал балалар кітап оқып отырғанын көруге болады
Фото: zhaloby.astana
Әлеуметтік желіде Астана мектептерінің бірінде оқушылар дәлізде сабақ оқып жатқаны жайлы сурет тарап кетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фотодан дәлізде парталар тұрғанын, ал балалар кітап оқып отырғанын көруге болады.
Астана қаласының білім басқармасы неліктен бұлай болғанын түсіндірді.
«№72 мектеп-лицейде барлық оқушы арнайы жабдықталған кабинеттерде оқиды. Фотодағы оқушылар сабаққа ерте келіп, өз бетінше оқып жатыр», - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, Қазақстанда алдағы күзде 370 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды