Алматы облысында қорықшының балықшыны атып жіберген сәті видеоға түсіп қалды
Балықшылар орман шаруашылығы инпекторының сөзін елемей, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылының маңында қорықшы балықшының аяғынан атты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.
7 сәуірде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Полицияның мәліметінше күдіктіге қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Алдын ала мәлімет бойынша жанжал өзара келіспеушіліктен туындаған», - деп жазылған хабарламада.
Ал Бәйдібек би ауылы әкімдігінің хабарлауынша бір топ жас балық уылдырық шашатын уақытта балық аулаған, олар орман шаруашылығы инпекторының сөзін елемей, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген. Сосын арада жанжал шығып, қорықшы от атқан.