$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 11,5 млн теңге жымқырған әлеуметтік мекеменің басшысы сотталып кетуі мүмкін

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы аяқталды

БҚО-да 11,5 млн теңге жымқырған әлеуметтік мекеменің басшысы сотталып кетуі мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Батыс Қазақстан облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол электр жабдықтарын жөндеу бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.

Айыпталушы сотқа тартылды.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары