07.04.2025, 18:00
Жаңалықтар
БҚО-да «бойжеткен» желі арқылы танысқан адамдардан 3 млн теңге бопсалаған
Күдікті қолға түсті
БҚО-да жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алып отырған Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған.
Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды