Су тасқыны: ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен жүргізуші қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Көлік ағыспен бірге ағып кетіп, су астында қалған

Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысында жолды су басқаны туралы ескертуге қарамастан, жолға шыққан жүргізуші қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 5 сәуір күні Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолының 963-ші шақырымында болды. Жол полициясы мен төтенше жағдайлар қызметі орнатқан тосқауылға қарамастан, жүргізуші жабылған жолды айналып өтпек болған, бірақ көлік ағыспен бірге ағып кетіп, су астында қалған.

Көлікте үш адам болған. Полицейлер мен құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында екі жолаушы құтқарылды. Ал жүргізушінің мәйіті кейінірек табылды.

Мамандар жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.