$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 12:00
Жаңалықтар

Мемлекет 2 млн гектардан астам жерді меншігіне қайтарды

Осыншама жер осы уақытқа дейін неге бос жатқаны белгісіз

Мемлекет 2 млн гектардан астам жерді меншігіне қайтарды
Фото: ашық дерек көзінен

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров онлайн түрде өткен есеп беру кездесуінде 2020 жылдың үш айында 2 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті деп хабарлады.

Министрдің айтуынша, еліміз бойынша бос жатқан жерлерді бақылап отыруға болатын веб-портал пайда болған. Ілкі жобаның арқасында Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жалпы ауданы 7,3 млн гектар 9 мыңнан аса құр жатқан жайылым анықталған.

 «2020 жылдың үш айында мемлекет меншігіне 2 млн гектардан астам жер телімі қайтарылды», - деді Сапархан Омаров.

Бос жатқан жердің көбі, дәлірек айтсақ, 2,5 млн гектары Маңғыстау облысының аумағында жатыр. Қостанай облысынан 1,9 млн гектар, Ақмола облысынан 1,6 млн гектар, Шығыс Қазақстан облысынан 1,3 млн гектар бос жатқан жер табылған. Олар қашан мемлекет меншігіне өтетіні әзірге белгісіз.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары