06.04.2025, 10:01
Жаңалықтар
Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер бұл қала тұрғындарына серуендемеуді ұсынды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
6 сәуір, жексенбі күні еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Бұл — атмосферадағы зиянды қоспалардың таралуын қиындататын табиғи құбылыс. Соның салдарынан ауа сапасы төмендеп, тұрғындар денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Мамандар мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
- ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен өндірістік аймақтар маңында жүру уақытын барынша қысқарту;
- балаларға, қарттарға және жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;
- ашық аспан астындағы жаттығуларды шектеу немесе спортпен жабық ғимараттарда айналысу.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет»сәуір айында ел аумағында тұрақсыз ауа райы болатынын ескерткен еді. Көптеген өңірде жауын-шашын, желдің күшеюі мен ауа температурасының құбылмалы болуы күтіледі.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 15:38
Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, мойнына пышақ тақап қорқытқан
22.08.2026, 00:16
Атырау әуежайында никаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды