05.04.2025, 22:23
Жаңалықтар
Баянауылда ауыл тұрғыны мұз астына түсіп кетті
Оқиға бүгін түскі уақытта болды
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысының Баянауыл жерінде ауыл тұрғыны абайсызда мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 5 сәуірде сағат 14.13-те Сабындыкөл көлінде 1956 жылы туған ауыл тұрғыны мұздың астына түсіп кеткен. Абырой болғанда оқиға орнынан табылған куәгер жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайға жол берілмеген.
Департаментте құтқарылған балықшы өз өмірін ғана емес, оған көмектесуге келгендердің өмірін де қатерге тігетінін еске салады. Мұндай жағдайлар арнайы дайындығы мен құтқару құралдары жоқ кездейсоқ куәгерлер үшін өте қауіпті.
«Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз. Қауіпсіздік – сіздің қолыңызда!» - дейді облыстық ТЖД.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды