05.04.2025, 20:24
Жаңалықтар
«Семей орманындағы» алапат өрт сөнді
Тілсіз жауды сөндіруге 419 адам мен 140 техника жұмылдырылды
Фото: Абай облысының әкімдігі
Абай облысындағы Семей орманында болған алапат орман өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндіру бойынша барлық жұмыс 17:10-да аяқталды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, тілсіз жауды сөндіруге 419 адам мен 140 техника жұмылдырылды. Олар:
- Экология және табиғи ресурстар министрлігінен 143 қызметкер мен 65 бірлік техника;
- Қорғаныс министрлігінен 35 адам мен 16 бірлік техника;
- Төтенше жағдайлар министрлігінен 227 адам мен 55 бірлік техника;
- Ішкі істер министрлігінің 14 қызметкері және 4 бірлік техника.
«Өрттің таралуына жол бермеу бойынша барлық жұмыс аяқталды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Абай облысының Бесқарағай ауданындағы «Семей орманында» тағы да алапат өрт шыққаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.11.2026, 16:06
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды